42 500 теңге. Елордалықтарға 11,5 млрд теңге төленген

27 Сәуір 2020, 09:26
2618
Бөлісу:
42 500 теңге. Елордалықтарға 11,5 млрд теңге төленген
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 42500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетуге 11,5 миллиард теңге төленді. 26 сәуірде әлеуметтік көмекті  270 мыңнан астам адам алды. 

Өтінімдерді қала әкімдігі "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ және МӘСҚ-мен бірлесіп өңдейді. Қалалық штаб демалыссыз, күшейтілген тәртіпте жұмыс жасауда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемді алушылар тізімі кеңейтілді.

Мен декреттік демалыстағы жалғызбасты анамын. Үш бала тәрбилеп отырмын. Қазір мемлекет бізге көмектесуде. Мен 42500 теңге көлемінде төлем алуға өтініш берген соң, телефоныма әлеуметтік көмек тағайындалғаны туралы хабарлама келді. Мен дереу 20 сандық карта мәліметтерін жіберіп, ақшалай көмек алдым. Осынау қиын күндері бізді назардан тыс қалдырған жоқ. Сондай-ақ, Biz birgemiz акциясы аясында әкімдік Nur Otan партиясымен бірге азық-түлік себеттерін таратты. Біз бұл көмек үшін өте қуаныштымыз, – дейді үш баланың анасы Ғалия Байтөреева.

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік көмекті бұрын ресми жұмыс істеген адамдар ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, бір жылдан бері декреттік демалыстағы әйелдер, сондай-ақ студенттер алады. Бұрын хабарланғандай, 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініштерді "Электронды үкімет" веб-порталы, telegrambot egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайты арқылы онлайн-режимде беруге болады. Өтінімді беру әдістері барынша жеңілдетілген.

Елбасы тапсырмасы бойынша 50 мың көлемінде әлеуметтік көмекті 14,5 мыңға жуық қала тұрғыны алды. Оның жалпы сомасы 724 млн теңгені құрайды. Аталған көмекті тағы 28 мың адам алады, ал бұл 1,4 млрд теңгені құрайды. Осы көмек алатындар санатына аз қамтылған отбасылар, мүгедектер (1,2-ші топтағы мүгедектер, мүгедектігі бар зейнеткерлер, АӘК алушылар), мүгедек балаға күтім жасаушы тұлғалар (АӘК алушылар), зейнеткерлер (ең төменгі зейнетақы алушылар), жетімдер, ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген азаматтар және тыл ардагерлері.

Сонымен қатар, басқа да әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек, азық-түлік пакетін беру түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік көмек, медициналық маскалар және басқа да қорғаныш заттары таратылуда.

Өзгелердің жаңалығы