42,5 мың теңгені тағайындау жолы жеңілдетілді

29 Наурыз 2020, 17:08
12347
Бөлісу:
42,5 мың теңгені тағайындау жолы жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте төтенше жағдай кезінде жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімі кеңейгенін және оны тағайындау шарттарын жеңілдетілгенін айтты.

Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді.

Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор)

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер .Енді оларға азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша кіріс алатын адамдар, қызметтер көрсету, салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналары төленген азаматтар кіреді,- дейді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша,  төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғанын растайтын құжаттардың енді қажеті жоқ. 

Бұрын әлеуметтік төлемдер туралы өтінішті жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін, ЖК, ЖП және Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілер - өздері бере алатын. Сонымен бірге, жұмыс берушілер төтенше жағдай кезінде қызметті шектеуге байланысты өз қызметкерлерінің табысын жоғалтуын растайтын құжаттарды, қызметкерлердің тізімін және қызметкерлерге жалақысы сақталмайтын еңбек демалысын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірмені ұсынуы керек еді, - дейді министр.

Оның айтуынша, енді төтенше жағдай салдарынан кірісті жоғалту фактісін растайтын құжаттарды ұсынуға қойылатын талаптар алынып тасталған.

Ол жұмыскерлердің өздері электрондық үкімет порталына өтініш бере алатындығын түсіндірді.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:

- жұмыс берушілер өтінішті тек қызметкерлердің тізімін қоса бере алады;

- ЖК, ЖП, АҚК және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.

Енді қызметкер жұмыс берушіні күтпей-ақ өтінішті өзі бере алады. Сондай-ақ барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірістерді жоғалту фактісінің дұрыстығы үшін өзіне жауапкершілік алады.

Өтініш "Электрондық үкімет" веб-порталында "Электрондық өтініш" сервисі арқылы электрондық форматта беріледі, - дейді Дәурен Абаев.

Өзгелердің жаңалығы