Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова айтты. КВИ-ға қарсы вакцина алғысы келетіндердің арасында колледждердің 3-4 курс студенттері мен жоғары оқу орындарының студенттері көп көрінеді.
Оның хабарлауынша, қала бойынша вакцинациялау қарқыны артып келеді.
Тұрғындар өздерінің азаматтық позицияларын көбірек көрсетуде. Осылайша, вакцинацияланғандардың қатарын толықтырып жатыр. Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің 3-4 курс студенттері екпе ала бастады. Аға буын да жастардан қалмай, инфекциядан қорғану үшін екпе алып жатыр, – деді Әлия Рүстемова.
Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда елордада коронавирус инфекциясына қатысты вакцинаның бірінші компонентін 407 мың адам алған. Бұл тиісті контингенттің 63%-ын құрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы стационарда індет жұқтырған қанша науқастың ем қабылдап жатқандығы туралы жазған болатынбыз.