400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар

13 Шілде 2023, 15:57
2954
Бөлісу:
400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар
PHOTO
Фото: автордан

Орталық Азиядағы көшбасшы кәсіпорынға айналған Макинск құс фабрикасында бройлер өсіру өндірісінің үшінші кезегін іске қосу жоспарланып отыр. Жоба іске қосылса, өндіріс көлемі артып, қосымша жұмыс орындары ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордалық журналистер баспасөз туры аясында Макинск құс фабрикасына арнайы барып, кәсіпорынның жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.

Құс етін өндірудің көшбасшысы

2015 жылы Ақмола облысының Бұланды ауданында Макинск құс фабрикасының құрылысы басталды. Жобаны іске асыру құны 74 млрд теңге, бұл оны саладағы ең ірі инвестициялық жобаға айналдырды.

400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар

2018 жылдың қыркүйегінде қуаттылығы жылына тірі салмақтағы құсты 34 000 тонна көлемінде өндіретін бірінші кезек пайдалануға берілді. Бірінші кезек аясында құрылыс инвестициясы 34 млрд теңге болды. Оған әрқайсысында 12 құс қорасы бар бройлер өсіретін 4 алаң, инкубаторий, құстарды қайта өңдеу зауыты, жем өндіру цехы, саңғырықты қордалау алаңы, әкімшілік ғимараттар кірді. Кәсіпорында өндірістің биоқауіпсіздігі мен экологиялығына көп көңіл бөлінеді. Ол үшін зауытта ең заманауи технологиялар қолданылады. Нәтижесінде сапалы және пайдалы өнімдер шығарылады. Фабриканы пайдаланудың бірінші жылы кезеңінде 882 адам жұмыспен қамтылды, - деді Макинск құс фабрикасының бас директоры Ришат Раисов.

2020 жылы Макинск құс фабрикасында бройлер өсіру бойынша өндірістің екінші кезегі пайдалануға берілді. Жобаны жүзеге асыру құны 14,5 млрд теңге болды. 2020 жылы өндіріс көлемі 34 000 тонна тірі салмақтағы құс өнімін құрады. Екінші кезектің іске қосылуымен құс фабрикасы қуаты бойынша Қазақстандағы ең ірі фабрикаға айналды. 12 құс қорасынан тұратын төрт жаңа бройлер алаңы өндіріске қосылды. Инкубатор, жемшөп цехы, құс етін өңдеу зауыты және ет-сүйек бөлімі жаңа қуатта жұмыс істей бастады. Екінші кезекті іске қосудың нәтижесінде кәсіпорында 570 жаңа жұмыс орны құрылды.

400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар

2021 жылы өндіріс көлемі 61 554 тонна ет өнімдерін құрады. Макинск құс фабрикасының үшінші кезегін салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру басталды, ол 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар

Қазіргі уақытта Макинск құс фабрикасы тауық етін өндіру көлемі бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы кәсіпорын.

Макинск құс фабрикасы Орталық Азиядағы ең үлкен кәсіпорын саналады. Биыл үшінші кезек қосылады. Жоба іске қосылғаннан кейін кәсіпорынның өндіріс қуаты жылына 100 мың тонна тірі салмақтағы құс етін өндіре бастайды. Үшінші кезектің қосылуы тек өндіріс көлемін ғана емес, сонымен бірге жұмыспен қамтылатын адамдардың санын арттыруға мүмкіндік береді. Яғни қосымша жұмыс орындары ашылып, жаңа технологиялар енгізуге мүмкіндік пайда болады, - деді AITAS холдингі PR департаментінің директоры Димаш Зиядин.

Еске сала кетсек, Макинск құс фабрикасы AITAS холдингінің құрамына кіреді. 

400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар

Кадр тапшылығы мен орташа жалақы: Саладағы проблемалар

Макинск құс фабрикасының бас директоры Ришат Раисов фабрикада бройлер өсіру өндірісінің үшінші кезегін іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. Жобаны іске асыру өндірісті тірі салмақтағы құс көлемін жылына 56 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін ұлғайтуды көздейді. МҚФ-тың үшінші кезегінің құрылысы 2021 жылы басталды. Жобаға салынған инвестиция сомасы 25 млрд теңгені құрайды. Алдағы уақытта құс фабрикасының қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр, - деді кәсіпорын басшысы.

Құс фабрикасының аумағы мен қуатын арттырудан бөлек үшінші кезек жобасы жаңа құс қораларын салу, союдан қалған қалдықтарды қайта өңдеу жабдығының қуатын тәулігіне 133 мың бастан 140 мың басқа дейін ұлғайту, жем түйіршіктендіру желісінің өнімділігін сағатына 20 тоннадан 30 тоннаға дейін өсіру және өндірістің өзекті талаптарына жауап беретін дайын өнімді сақтауға арналған орындар көлемін арттыру кіреді.

400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар

Макинск құс фабрикасы үшінші кезегінің құрылысы – құрамына аталмыш өндірістік кәсіпорын кіретін AITAS холдингінің стратегиялық жоспарының ажырамас бөлігі. Макинск құс фабрикасының үшінші кезегін іске қосу жобасы импортты алмастыру және аймақты дамыту, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құру сияқты әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Қазіргі уақытта кәсіпорында 1 900-дан астам адам жұмыс істейді. Макинск құс фабрикасы және үшінші кезек жобасы құрылысының жүзеге асырылуы – бұл Қазақстанның құс шаруашылығы саласына қосылған үлес, құс фабрикасының өзінде де, МҚФ айналасында дами бастаған басқа да шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыс орындарын құру. Біз өз қызметі аясында Бұланды ауданы мен Макинск қаласын дамытуға қатысып келе жатқан Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорымен өте жақсы серіктестік қарым-қатынастамыз. AITAS – осы қордың бас демеушісі, ол ақшалай қаражатты өңіріміздің инфрақұрылымын, білім саласын, медицинасын дамытуға бағыттайды, - деп айтты Ришат Раисов.

Бүгінгі таңда Макинск құс фабрикасында 17 өндірістік нысан, атап айтқанда инкубатор, әрқайсысында 12 құс алаңы бар қолданыстағы 8 құс қорасы және пайдалануға берілу жоспарланып отырған 4 құс қорасы, құс өңдеу зауыты, құс саңғырығын, ет және сүйек қалдықтарын қордалау алаңы, жем өндіру цехы бар. Өндірістің биоқауіпсіздігі мен экологиялығы талаптарын сақтау мақсатында кәсіпорында инкубациялық өндіріс, құс өсіру, сою және ет-сүйек ұнын өндіру сатыларында жоғары технологиялық энергия үнемдейтін жабдықтар пайдаланылады.

400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар

Құс фабрикасының аумағында орналасқан барлық ғимараттың жалпы ауданы 300 мың шаршы метрден асады. Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Baiterek Venture Fund венчурлық қорының және Қазақстанның Даму Банкінің кредиттік желісінің қолдауымен AITAS холдингінің дамудың ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде іске асырылып жатыр.

Ришат Раисовтың сөзінше, кәсіпорындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 402 мың теңге. Қызметкерлерге әлеуметтік пакет те қарастырылған. Яғни қызметкерлерге дүниеге баласы келсе, ол кейін мектеп табалдырығын аттағанда және мектепті аяқтағанда қаржылай қолдау көрсетіледі. Одан бөлек, басқа да қолдау қарастырылған.

400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар

Кәсіпорын басшысы салада қандай проблема бар екенін атап өтті. Сөзінше, салада маман тапшылығы сезіледі.

Үшінші кезек қосылғанда шамамен кәсіпорында шамамен 2 000-ға жуық адам жұмыс істейді. Яғни шамамен 500-дей жұмыс орны құрылады. Біз қазір мамандарды өзімізді дайындап, оқытып жатырмыз. Ресейден, Беларусь, Украинада тәжірибелі мамандарды шақырып жатырмыз. Яғни біздің ұжымымыз көпұлтты. Бәрі тату. Өзіміз ғана дамып қоймай, саланы да дамытып жатырмыз. Қазіргі күні фабрика қызметкерлерінің орташа жалақысы 402 мың теңге, - деп түсіндірді ол.

Айтуынша, фабрика қызметкерлері үшін көлікпен жеткізу қызметі бар және олар тегін тамақпен де қамтамасыз етілген. Онымен қоса, кәсіпорын қызметкерлеріне арнайы киім беріледі. Себебі кәсіпорында биоқауіпсіздікке, экоқауіпсіздікке баса назар аударылған.

400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар

Макинск құс фабрикасының бас директоры Ришат Раисов сонымен қатар кәсіпорынға мемлекеттен қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Мемлекеттен әр келі етке субсидия аламыз. Яғни ет субсидиясы, инвесторлық субсидия бар. Сондай-ақ несие ставкалары бойынша да субсидия қарастырылған, - деп айтты ол.

Онымен қоса, ол саладағы проблемаларға тоқталды.

400 мың теңге жалақы, маман тапшылығы: Құс етін өндіру саласындағы жетістіктер мен проблемалар

Басты проблема – кадр тапшылығы. Мамандарды дайындау керек. Өйткені құт етін өндіру саласы дамып келеді. Біз Құс етін өндіру қауымдастығымен тығыз жұмыс істейміз. Бұл сұрақты ол жақта да үнемі көтереміз. Сондай-ақ бізде Тұрақты дамыту қорлары бар. Олар да осы сұрақпен айналысады. Білім беру ұйымдарында ветеринария бағытын, құс шаруашылығы мамандары, техникамен жұмыс істейтін мамандарды дайындауды дамыту керек. Қазақстанда дәл осы мамандарды қазіргі күні тапшы. Біз студенттерді кәсіпорынға тәжірибеден өтуге шақырамыз. Оларды фабрикаға алып келіп, барлығын көрсетіп, үйретеміз, ақысын төлейміз. Барлығы біздің қаржымызға. Алайда өкінішке қарай, олардың тек бірнешеуі ғана жұмыс істеуге қалады, - деп айтты Ришат Раисов.

Баспасөз туры кезінде БАҚ өкілдері фабрикада құс етін тұтынушыларға қалай әзірлеп, қаптайтынын өз көздерімен көрді. Кәсіпорын өкілдері фабрикаға кез келген адам кіре алмайтынын айтты. Себебі мұнда санитарияға, қауіпсіздікке баса назар аударылған. Қызметкерлер арнайы киім киіп, қолдарын жуып, дезинфекциялық аппараттан өтеді. 8 сағаттық жұмыс күнінде қызметкерлерге түскі ас ішу үшін бір сағаттық үзіліс беріледі.

Өзгелердің жаңалығы