400-ден астам шетелдік шекарадан шығарылды

14 Қыркүйек 2022, 08:26
997
Бөлісу:
400-ден астам шетелдік шекарадан шығарылды

Маңғыстауда жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғандардан 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көші-қон полициясы қызметінің негізгі бағыты – шетелдіктердің елдегі жүріп-тұруын бақылауда ұстау және олардың заң бұзушылықтарға жол бермеуін қадағалау. Осы жылдың сегіз айлық көрсеткіші бойынша көші-қон саласының қызметкерлерімен ел аумағында болу заңнамасы және басқа да әкімшілік құқық бұзған бес мыңнан астам шетелдік жауапкершілікке тартылды - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларымен әкімшілік жауапқа тартылған шетелдіктерден 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. 

Сондай-ақ 407 шетелдік ел аумағынан тысқары шығарылды. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген іздестірудегі 95 азаматтың 78-і анықталды. Бұдан бөлек, тіркеуде тұрған 115 борышкердің 93-і жауапқа тартылды.

Өзгелердің жаңалығы