40 млрд теңге. Әкім Қарағанды облысының экологиялық жағдайы туралы айтты

24 Мамыр 2023, 13:06
634
Бөлісу:
40 млрд теңге. Әкім Қарағанды облысының экологиялық жағдайы туралы айтты
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту туралы баяндама жасап жатыр, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

2020 жылы Қарағанды облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін 209 млрд теңге бөлінгені хабарланды. Ол қаражат қалай жұмсалды, өңір экологиясында не өзгерді?, - деп сұрады әкімнен.

Бөлекпаевтың айтуына қарағанда облыста полигонды ретке келтіру, санация жасау және тал егу жұмыстары арнайы жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.

209 млрд теңге бүкіл Қазақстанға арналған бюджет шығар. Себебі біздің өңірге жоспар белгіленген. Онда 40 млрд теңгеге 37 іс-шара жоспарланған. Сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деп жауап берді Қарағанды облысының әкімі ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы