Павлодар облысында ауыл тұрғынының 4 тонна шөбі мен 9 жылқысы өртеніп кетті

9 Қазан 2019, 10:36
2474
Бөлісу:
Павлодар облысында ауыл тұрғынының 4 тонна шөбі мен 9 жылқысы өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт Павлодар облысының Ольгинко ауылында болды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

"Кеше, 8 қазан күні сағат 16.42-де кезекшілік бөліміне №3 өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығының аймағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шлактан құйылған базаның ағаш құрылымдары мен төбесі өртке оранған. Сондай-ақ, тілсіз жау 180 шаршы метр аумақта орналасқан 4 тонна шөпті шарпыған", - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі. 

Алапат өрт салдарынан базаның төбесі құлап, 9 бас жылқы оттың астында қалған. 

Қазір келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнына №3 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна, өрт сөндіру зертханасы шықты. Сонымен қатар, ТЖД жеке құрамынан 16 адам мен 3 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 10 адам мен МТЗ-80 жұмылдырылды. Өрт сағат 19.50-де ауыздықталып, 20.15-те толығымен сөндірілді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметнше, оқыс жағдай тұрғындардың отты абайсыз қолдануынан туындаған. 


Өзгелердің жаңалығы