4 пайыздық автонесиемен 34 азамат көлік алды

23 Мамыр 2022, 11:34
1098
Бөлісу:
4 пайыздық автонесиемен 34 азамат көлік алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамуту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди мәлімдеді.

Ол автонесиелендіру бағдарламасына 100 млрд теңге бөлініп отығанын атап өтті.

Бағдарлама 2015 жылы бастау алды. Оның аясында осы уақытқа дейін 29 650 азамат автокөлікке қол жеткізді және жобаға 155 млрд теңгедей қаржы жұмсалды. Ал 16 мамырда басталған бағдарламаны 2015 жылғы автонесиелеудің жалғасы десек болады. Өйткені бұл Үкіметтің беріп отырған әлеуметтік көмек ретіндегі іс-шараларының бірі, - деді  Ғалымжан Әди.

Биыл қолға алынған жеңілдетілген автонесиенің ерекшелігі – көлікті алғашқы жарнасыз алуға болады.

Қазіргі уақытта автонесиелеуді «Банк ЦентрКредит», Eurasian Bank және Halyk Bank қабылдап отыр. Бүгіннен бастап Forte Bank-те қабылдай бастайды, - деді ол Жеңілдікпен автонесиелеудің алғашқы қорытындылары туралы баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ  Ғалымжан Әди бір аптаның ішінде қанша көлік берілгенін мәлім етті.

Қазіргі уақытта 4834 адамның өтініштері банктерден қолдау тапты. Енді осы қолдаудың қортындысымен ол азаматтарға ақша бөлініп өз автокөліктерін ала алады. Бүгінде   жеңілдетілген несиемен 34 азамат автокөлік алды, - деді  «Өнеркәсіпті дамуту қоры» АҚ басқарушы директоры. 

Өзгелердің жаңалығы