Шымкент - Сарыағаш автожолында 4 көлік соқтығысты: 15 адам зардап шекті

24 Қараша 2019, 17:03
27626
Бөлісу:
Шымкент - Сарыағаш автожолында 4 көлік соқтығысты: 15 адам зардап шекті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

24 қараша күні сағат 11:00-де Сарыағаш-Шымкент бағытында қозғалған Hyundai Accent автокөлігінің тежегіштері істемей, алдындағы екі Daewoo Nexia көліктеріне соғылған. Соққының салдарынан Hyundai Accent автокөлігінде өрт басталған. Дәл осы бағытта қозғалған төртінші автокөліктің жүргізушісі жол-көлік оқиғасына тап болған көліктерге соғылмас үшін автожолдағы қоршауды қағып өткен, - делінген хабарламада.

Жан түршігерлік жол апаты салдарынан 15 адам зардап шегіп, олардың 14-і Қазығұрт аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жарақат алған 7 адамның жағдайы ауыр. 

Олар тез арада жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалуда. Көмекке санитариялық авиациямен бір топ нейрохирург шақыртылды. Шымкенттен жеткен мамандар науқастарға операция жасап жатыр. Тағы үш адам аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды. Төрт адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне қайтарылды, - деп хабарлады басқарманың баспасөз хатшысы Сәуле Алжанбаева.



Видео: әуесқой түсірілім
Өзгелердің жаңалығы