3,6 мың қазақстандық бүйрек донорына кезекте тұр

11 Сәуір 2024, 12:01
422
Бөлісу:
3,6 мың қазақстандық бүйрек донорына кезекте тұр
Фото: автордан

Ағзаларды трансплантациялауды күту тізімінің 90%-ға жуығы бүйрек ауыстыруды қажет етеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бүйрек трансплантациясын жасатқан пациент Анар Шаймергенова өзінің басынан кешкен оқиғасын баяндады.

3,6 мың қазақстандық бүйрек донорына кезекте тұр

12 жасымда тамақ ауруымен қатты ауырдым, бұл – бүйрек аурулары дамуының себептерінің бірі. Сол кезде маған гломерулонефрит диагнозы қойылды, содан тек 30 жасымда диализге түстім. Менің жолым болды деп айта аламын, себебі маған донор табылды. Шындығын айтқанда, Қазақстаннан емес, Беларусь Республикасынан. Біздің елден айырмашылығы, ол жерде бүйрек трансплантациясы бойынша операцияны ақылы жасау қажет болды. Бұған кем дегенде, 72 мың доллар қаражат керек екендігін білдім. Туыстарым, қазақстандықтар маған қол ұшын созды, менің өмірімді сақтап қалды. Қазақстанда күту тізімінде мен 4 жыл тұрдым, ал Минскіде мен небәрі 10 ай күттім, - дейді Анар Шаймергенова.

3,6 мың қазақстандық бүйрек донорына кезекте тұр

Мамандардың пікірінше, 80-нен астам бала бүйрек ауыруының трансплантациясына кезегінде тұр. 

2024 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша бүйрек трансплантациясына кезекте шамамен 3600 қазақстандық тұр. Олардың 80-нен астамы – балалар. Ағзаларды трансплантациялауды күту тізіміндегі пациенттердің 90%-ға жуығы бүйрек трансплантациясын қажет етеді. Қалған 10%-ды бауыр, өкпе және жүрек ағзалары құрайды. Сарапшылардың пікірінше, өкінішке қарай, әркім өз кезегін соңына дейін күте алмайды, - дейді Алматы қаласы бойынша нефрологиялық көмек координаторы Абай Шепетов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде әр 10-шы адам бүйрек ауруына шалдыққан.

Өзгелердің жаңалығы