350 дана электронды темекіні жымқырған 2 жігіт анықталды

19 Қазан 2022, 20:23
1166
Бөлісу:
350 дана электронды темекіні  жымқырған 2 жігіт анықталды

Түркістан облысында 350 электронды темекіні жымқырған екеу анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алысымен полицейлер шұғыл түрде ұрлық болған жерге шықты. Анықталғандай әккі ұрылар дүкенге кіріп, 350 электронды темекі құрылғыларын жымқырған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады. Бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылар жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын қарап шығып, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде ақпарат көздері арқылы, күдікті ретінде екі жергілікті тұрғын анықталды.  Яғни, күдікті екі дос қылмысты алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған. Олар таңғы сағат 05:30 шамасында дүкенге терезеден кіріп, темекі құрылғыларын ұрлап, таныстарына сатқан. Бүгінде сезіктілерден айғақты зат ретінде ұрланған электронды темекілер алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сезіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы