Алдағы уақытта 35 градус аяз болады

8 Желтоқсан 2021, 13:30
1795
Бөлісу:
Алдағы уақытта 35 градус аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келетін, кең антициклонның ықпалында болады. 

Түнде елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерде 30 аяз болады. 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 аязға дейін төмендейді.

Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан циклон әсер ете бастайды. Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығыс бағыттарына қарай ауысады, оның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді.  

11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін болады деп болжанады.

Өзгелердің жаңалығы