343 мың қазақстандық 2018 жылы шетелде демалды

24 Қаңтар 2019, 09:23
2865
Бөлісу:
343 мың қазақстандық 2018 жылы шетелде демалды

Астана, BAQ.KZ. «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры (КҚ) желісі бойынша 343 мың қазақстандық 2018 жылы шетелде демалып қайтты. «Туристік Қамқор» құрылған сәттен бастап жалпы алғанда 616 мың туркод берілді. Бұл туралы Туристік Қамқор баспасөз қызметі.

Астана, BAQ.KZ. «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры (КҚ) желісі бойынша 343 мың қазақстандық 2018 жылы шетелде демалып қайтты. «Туристік Қамқор» құрылған сәттен бастап жалпы алғанда 616 мың туркод берілді. Бұл туралы Туристік Қамқор баспасөз қызметі.

Көбіне өткен туристік маусымда қазақстандықтар демалуға Түркияға барды: 148 мың адам. Екінші орында Египет – 104 мың адам. Үшінші орында – Біріккен Араб Әмірлігі (33,5 мың қазақстандық). Төртінші сатыны Қытай мен Таиланд өзара бөлісіп отыр (18 мың туристен). Бесінші орында – Вьетнам (4,5 мың), алтыншы орында – Үндістан (2,7 мың), сосын Чехия (2,4 мың), сегізінші орында – Доминикана (2,1 мың), тоғызыншы орында – Греция (2 мың) және ондықты Грузия жапты (1,4 мың адам).

2018 жылы шетелге шыққан бірде бір қазақстандық сақтандыру жағдайын пайдаланбағандығы қуантады. Барлық компания өз міндеттерін адал орындады.

Туындаған кішігірім мәселелер жедел түрде сол жерде шешіліп отырды. Бірде бір қазақстандық туроператордың кінәсімен шетелден шұғыл шығарылған жоқ.

Бүгінгі күні «Туристік Қамқор» тізімінде 56 туроператор бар, олармен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады. Бұл ретте, жалпы Қазақстанда шығу туризм саласында нақты туроператорлық қызметті жүзеге асыратын шамамен 140 компания жұмыс істейді. Қалған 80 компания өз қызметін демалыс уақытында қазақстандықтардың шетелдегі қауіпсіздігін тәуекелге итермелеп, заңсыз жүзеге асырады деген сөз.

Сіз қай жерде демалмасаңыз да, «Туристік Қамқор» Корпоративтік қоры Сіздің ыңғайлы демалуыңыз үшін барлық ұсақ-түйектер туралы алдын ала қамдануды ұсынады – өз қонақ үйіңіздің бронын, үйге қайту билетінің төленгендігін, сондай-ақ өз туркодыңызды тексеру, егер Сіз шетелде демалатын болсаңыз.

Ауа райы жағдайларын негізге ала отырып ақпанда қазақстандықтардың демалысы үшін жақсы жерлер: Тайланд, Египет, Куба, Үндістан, Шри Ланка, Доминикана, Филиппиндер, Танзания бола алады.

 Шығу туризмі саласында Қазсқатн Республикасы азаматтарының құқықтарын кепілдендіру жүйесінің жұмыс істеген сәтінен бастап жүйе басқарушысы – «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 616 мың ТУРКОД берді.


Өзгелердің жаңалығы