330-дан астам астаналық баспаналы болды

7 Шілде 2023, 02:25
763
Бөлісу:
330-дан астам астаналық баспаналы болды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Елордада 330-дан астам отбасы құрылысы ұзаққа созылған кезекті тұрғын үй кешенінен үйлерінің кілтін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында

Жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысанды аяқтадық. «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үлескерлер 9 жылдан кейін барып баспанасының кілтін алды. Нысан қабылданған кезде кейбір блоктарының құрылысы тіпті басталмаған да еді. Үлкен жүйелі жұмыс жүргізілді. Елорда күні қарсаңында 330-дан астам үлескер отбасының проблемасын шештік! Мұнда «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан бөлек құрылысы ұзаққа созылған өзге де нысандардың үлескерлері баспаналы болды.

Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтаймыз. Әр үйдің өзіне тән күрделі тарихы бар, дегенмен әрқайсысы бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер-отбасының проблемасын шешеміз, – деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы