33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

7 Желтоқсан 2020, 09:25
1454
Бөлісу:
33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  2020 жылғы 7 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.

 
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 33 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 096 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 687 науқас жатыр. 10 409 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 241 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 39 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 43106, 454 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30956 жетті.

Өзгелердің жаңалығы