32 жыл ішінде Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды

11 Сәуір 2024, 11:02
236
Бөлісу:
32 жыл ішінде Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Сенат депутаты Советбек Медебаев көші-қон және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланған Сенат отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылы елге келгендер саны 25,3 мың адамд, кеткендер саны 16 мың адам. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, 2023 жылы уақытша тұруға 584 588 рұқсат берілді. Елге кіру үшін 55 090 шақыру рәсімделді. 56 427 виза берілді. Қазақстан азаматтығына 26,8 мыңнан астам адам қабылданды. Оның ішінде қандастардың саны 20,5 мыңнан асты, - деді сенатор.

Медебаев Қазақстан азаматтығын қабылдаған қандастар қай елдерден келетінін де айтты.

Оның ішінде Өзбекстан 13244 немесе 64 пайыз, Қытай Халық Республикасы 2768 немесе 13,5 пайыз, Түркіменстан 1778, Ресей 1313, Моңғолия 802, - деді ол.

Ол сондай-ақ 32 жыл ішінде Қазақстанға 1 миллион 128 мың этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алғанын атап өтті. Бұл ел халқының 5,6 пайызын құрайды.

Өзгелердің жаңалығы