32 келі есірткі 15 жылдық түрмеге айналуы мүмкін

32 келі есірткі 15 жылдық түрмеге айналуы мүмкін
780

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қостанай қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінен күдікті азамат ұсталды. 

Қызметкерлер оның "Лада-Калина" автокөлігінен алты килограмм кептірілген марихуана тапты. Ұсталған азаматтың гаражынан қызметтік-іздестіру итінің көмегімен тінту кезінде марихуана бар тағы екі түйіншек тәркіленді. Гараж кіреберісіндегі тумбадан бір жарым килограмм есірткі, сондай-ақ тақтайшалар астындағы шұңқырдан қапшыққа салынған 25 килограмнан астам марихуана табылды, - делінген хабарламада. 

Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы – 32 кг 826 гр, бұл аса ірі салмаққа жатады. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол оқиға орнында қамауға алынды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы