3,1 трлн теңге: Былтыр машина жасау саласындағы өндіріс көлемі артты - министрлік

14 Сәуір 2023, 10:54
2423
Бөлісу:
3,1 трлн теңге: Былтыр машина жасау саласындағы өндіріс көлемі артты - министрлік
Фото: автордан

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан елордада өтіп жатқан Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту форумында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұнай және газ машина жасау халықаралық ІMB орталығы ірі мұнай-газ жобаларындағы технологияларды трансферттеу мен оқшаулауға ықпал ету бойынша жұмыстарды қолға алды. Елімізде жыл сайын машина жасаудың өсу қарқыны тұрақты және тиімділігін көрсетіп жатыр. Саладағы өндіріс көлемі 2022 жылы 3,1 трлн теңге болды  және 2021 жылмен салыстырғанда 35 пайызға артты, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі нарығына тоқталды.

Былтырдың қорытындысы бойынша, республиканың ішкі нарығы 20 млрд долларға тең болды. Осы орайда отандық өндірістің үлесі 12,5 пайыздан аспайды. Машина жасау құрылысы тауарларын ірі операторлардың сатып алуы өткен жылы 171 млрд теңгеден асқан. Мемлекет ішіндегі құндылықтың үлесі 2,1 пайызды көрсетті. Ал 2021 жылы машина құрылысы саласында тауар сатып алудың жалпы сомасы 144,6 млрд теңге, - деді вице-министр.

Айта кетейік, Астанада Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту форумы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы