300 мың доза Pfizer вакцинасын сатып аламыз - вице-министр

27 Шілде 2022, 15:50
1277
Бөлісу:
300 мың доза Pfizer вакцинасын сатып аламыз - вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Қазіргі уақытта елімізде халықты вакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі: QazVac, Sinopharm, Pfizer қолжетімді. Pfizer екпесінің қазір қолда бар дозасы бірінші дозаны алғандар үшін екінші дозану салдыруға сақталады. Сонымен қатар ол 18 жасқа толмаған жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналады. Ал қайта вакцинациялау және ревакцинациялау үшін – QazVac және Sinopharm вакцинасын салдыруға болады. Егу пункттерінде вакцинаның 1,5 миллион дозасы қалдығы бар, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сондай-ақ вице-министр Pfizer вакцинасын сатып алуға қатысты пікір білдірді. 

Pfizer-ді қосымша сатып алуға қатысты айтар болсақ, бүгінгі таңда біз 300 мың дозаға өтініш білдірдік. Pfizer-мен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Вакцинаның бұл көлемі де 18 жасқа толмаған жасөспірімдер, жүкті, бала емізетін әйелдерге ғана салынатын болады, - деді еліміздің бас санитар дәрігері.  

Өзгелердің жаңалығы