300 мыңнан астам елордалық 42 500 теңге әлеуметтік көмек алды

11 Мамыр 2020, 19:22
1342
Бөлісу:
300 мыңнан астам елордалық 42 500 теңге әлеуметтік көмек алды
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында төтенше жағдай кезінде тұрғындарға көрсетілген әлеуметтік көмек мәселесіне қатысты айтты.

2020 жылдың 11 мамырындағы жағдай бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 300 мыңнан астам қала тұрғыны алды. Жалпы саны 12 миллиард теңгеден астам қаражат төленді. Екінші айға 179 мың адамға төлем жасау белгіленген, оның ішінде 41 мың адам  төлемді алып үлгерді. Нұр-Сұлтан қаласының 40 мыңнан астам тұрғыны азық-түлік және тұрмыстық сатып алуға қосымша ақшалай көмек алды, - деді ол. 
Бақтияр Мәкен коммуналдық төлемдерді төлеуге қатысты мемлекет тарапынан көрсетілген әлеуметтік көмекке қатысты пікір білдірді.
Тұрғындардың әлеуметтік осал тобына 15 мың теңге көлемінде коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсетілді. Бұл көмекке өтініш беру үшін елорда әкімдігі екі  бағыт ұсынады: komtolem.kz  сайты және Telegram-бот komtolem. Өтініштер маусым айының ортасына дейін қабылданады. Сондай-ақ, 28-09-59 нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істейді. Ол бойынша тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, техникалық қолдау ала алады. Елордада халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын 164 мыңнан астам адам тіркелген. Коммуналдық қызметтерді төлеу "Астана ЕРЦ" ЖШС-нің жеке шотына қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады, - деді әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Әкім орынбасарының айтуынша, мемлекеттік әлеуметтік шаралармен қатар, Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған «Бір біргеміз» акциясы үлкен қолдау көрсетіп отыр.
Акция аясында 42 500 отбасыға "Nur otan" партиясынан 50 000 теңгеден әлемуеттік көмек берілді. Партия, бизнесмендер мен қайырымды азаматтардың күшімен 17 000 азық-түлік жиынтығы таратылды. Наурыз айынан бастап 2 миллион маска әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға тараттық. Жалпы, қаладағы түрлі әлеуметтік жұмыстарға 500 ерікті жұмылдырылды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы