Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев: Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 млрд доллардан аспақ

Бүгiн, 13:58
203
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығы лауреаттарын, сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент еліміздің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығында бизнес өкілдерінің рөлі ерекше екенін атап өтті.

Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл – өз кәсібіне адал, іскер және нағыз отаншыл азаматтарға тән асыл қасиет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет кәсіпкерлікке әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді. Биылдан бастап 29 қазан «Қазақстан кәсіпкерлері күні» ретінде ресми түрде бекітілгенін еске салды. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру мақсатында жаңа мемлекеттік марапат – «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын жария етті. Бұл орден келесі жылдан бастап қайырымдылыққа үлкен үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге табысталмақ.

Президент экономикалық көрсеткіштерге де тоқталды. Оның айтуынша, биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады деп күтілуде. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары нәтиже.

Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ. Инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән беріп жатырмыз. Сондықтан Үкімет дайын өнім экспортын арттыру ісін белсенді жалғастыруы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы