300-ден астам IT-компания салықтық жеңілдіктерге ие болды

19 Қазан 2020, 18:33
2020
Бөлісу:
300-ден астам IT-компания салықтық жеңілдіктерге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 300-ден астам қазақстандық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанып, салықтық жеңілдіктерге ие болды. 

Бүгінде Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде 300-ден астам қатысушы компания бар. Ең көп қатысушылар саны Нұр-Сұлтан - 176, Алматы - 120 және Қарағанды - 10 қалаларынан. Технопарктің барлық қатысушысы салық жеңілдіктерін алады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтардан босатады, - деп хабарлады Astana Hub баспасөз қызметі.
 

Мемлекеттік қолдаудың мұндай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. 2020 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша технопарк қатысушылары 2 миллиард 167 миллион теңге үнемдеген.
 

Салық жеңілдіктер тақырыбы — бұл керемет идея. Біз технологиялық стартаптар үшін салық мөлшерлемелерінің төмендегеніне қуандық. Даму үшін зор мүмкіндіктерге ие болдық. Сондай-ақ мұндай шаралар жаңа компаниялар мен жобаларды құруға көмектесті. Біз сапалы бағдарламалық шешімдер мен бағыттарды әзірлеп, мамандардың басым көпшілігі өздеріне жұмыс таба алатын бағыттарды құра алдық.
 

Салық преференцияларына ие бола отырып, инвестициялау және даму үшін үлкен мүмкіндіктер тиімді пайдалана алдық және дамуымызға да үлесі тиді. Сәтті жобалардың барлығы бірнеше есеге өсуде. Жобалар көп болған сайын, жұмыс орындары да көбейе түседі. Демек, көптеген маман жұмысқа орналаса алады, сәйкесінше, әлеуметтік салықтар көбірек төленеді. Бұл бағдарламаның негізгі мәні - осы. Мемлекет стартаптарға салықтардың корпоративтік бөлігіндегі жеңілдіктер арқылы көмектесе отырып, олардан қызметі мен шетелдегі сатылымдары арқылы осы инвестицияларды ел экономикасына табиғи түрде қайтаратын ірі IT-компанияларды өркендетуге тырысады. Бұл қуантарлық жағдай, - дейді VARDIX Group жетекшісі Владимир Баринов. 

Astana Hub хабарлағандай, технопарк қатысушысы мәртебесін алу үшін компания іс жүзінде Нұр-Сұлтан қаласында болуы міндетті емес. Құжаттарды электронды формада өткізу жеткілікті, ал компания сәтті тіркелген жағдайда тиісті шартқа қол қою ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады.
 

Сонымен қатар, қатысушы мәртебесі компанияларға шетелдік жұмысшылар санын квотасыз тартуға, сондай-ақ стандартты 3 жыл орнына 5 жылға дейін жұмыс визасын алуға мүмкіндік береді. 

 

Astana Hub қызметкерлері барлық мүдделі тұлғаға электронды пошта арқылы туындаған барлық мәселе бойынша ауызша және жазбаша кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы