30 жылда мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық – депутат

5 Қаңтар 2023, 12:44
2433
Бөлісу:
30 жылда мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық – депутат

Қаңтар оқиғасының басты себебі неде? Бұл туралы депутат Ерлан Сайыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қасіретті қаңтар оқиғасының бір тамыры  өткен саяси толқында жатыр. Иә, мемлекет құрдық, астанамызды салдық. Еліміздің шекарасын шегендедік. Бұл рас! Дегенмен 30 жыл ішінде әділеттік принциптерін аяққа басу, өткен ұрпақтың маңдай терімен жасалған ұлттық байлықты әділетсіз бөлу фактілері болды. Олигархтарға "әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа болмады. Әлемдік банк есебі бойынша Қазақстан халқының 15 пайызы  кедей санатында. 30 жылдың ішінде мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық. Ескі жүйенің әлеуметтік-әділетті фактілері, халықты саясаттан шеттету тендециясы мемлекетті, қоғамды  Қасіретті қаңтарға итермеледі, – деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Өзгелердің жаңалығы