30 жыл құжатсыз жүрген СҚО-лық әпкелі-сіңілілер

15 Наурыз 2020, 17:34
2096
Бөлісу:
30 жыл құжатсыз жүрген СҚО-лық әпкелі-сіңілілер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында апалы-сіңлі үш әйел 30 жыл құжатсыз тұрып келген. Polisia.kz сайтының жазуынша, үшеуі де Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны. 

“Жолда қабылдау” акциясының жемісін көрген апалы-сіңлілер алғаш рет құжаттарын алды. 

Нұғұмановтар кезінде Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының Омбы облысында дүниеге келіпті. Олардың ең үлкені 6 жаста болғанда ата-аналарымен бірге 1990 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Ауылды жерде тұрып келген бір үйдің қыздары келешекте құжаттың қажет болатынына мән бермепті. Бұл жағдайға туу туралы куәліктерінің жоғалуы, Ресей тарапынан қажетті жауаптың келмеуі себеп болыпты. 

СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Ресейдегі ҚР елшілігі мен адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюромен байланысқа шығып, бірнеше маңызды жұмыс атқарған Полицейлер Дариха, Кәмеш, Дәния Нұғұмановаларды Көші-қон қызметі басқармасына шақырды. Ауыл тұрғындары әлеуметтік желілердегі тікелей эфир барысында жеке куәліктерін алуға жолдама құжатын алды.

Біздің мәселенің басы-қасында болып, шешімін табуда үлкен көмек көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне зор алғысымызды айтамыз. Енді біздің көптеген сұрақтарымыз шешілетін болды. Менің ұлым да колледжге білім алуға оқуға түсе алады. Мен СҚО Полиция департаментіне жүгінбегенде құжаттарымызды алмайтын едік , — дейді Дариха Сахаутдинова. 

Полицейлер “Жолда қабылдау” акциясын замануи форматта өткізген жөн деп санайды. 

Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер халықты ақпараттандырудың тиімді құралы болып табылады. Біз әлеуметтік желілердегі пайдаланып, азаматтардан өздерінің, қарт туыстарының құжаттарын ретке келтірулерін сұраймыз. Апалы-сіңлілі Нұғұмановтардың мәселесі 1990 жылдарға тән жағдай болса да,бүгінгі күнде де жиі кездеседі – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов.

Аталмыш акция кезінде көші-қон қызметіне қатысты сұрақтар жиі қойылады. Осындай тақырыптағы сұрақтар акцияның екінші күнінің алғашқы жартысында СҚО Полиция департаментінің әлеуметтік желілерде өткен тікелей эфирлерінде қойылды. Бір жарым күнде тәртіп сақшылары солтүстікқазақстандықтардың 150-ден астам сұрағына жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы