30 жыл ішінде Шымкент қаласында не өзгерді? Әкім жауап берді

9 Желтоқсан 2021, 12:51
1692
Бөлісу:
30 жыл ішінде Шымкент қаласында не өзгерді? Әкім жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кезінде 400 мың адамы болған Шымкент халқы соңғы 30 жылда бір миллионнан асты.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Соңғы 30 жылда Шымкент қаласындағы халық саны 400 мың адамнан қазір 1 миллионнан асты. 1991 жылы қалада 72 мектеп болса, бүгінде 202 мектеп өскелең ұрпаққа білім беруде. Тәуелсіздік таңы атқанда 68 мың оқушы болса, қазіргі таңда 250 мыңнан аса оқушымыз бар, -деді Шымкент әкімі.

Сондай-ақ әкім мәдениет нысандарының саны 52-ден 120-ға жетіп, спорт нысандары 337-ден 900-ге көбейегнін атап өтті.

90-шы жылдары қалада 27 денсаулық сақтау нысаны болса, қазір ол 110-ға жетті. Отыз жылда Шымкент тұрғындарының орташа жасы 63,9 жастан 71 жасқа артты. Осы жылдар ішінде қалада өнеркәсіп өнім көлемі 10 млрд теңгеден 670 млрд теңгеге артты. Қала бюджеті 1 млрд теңгеден бүгінгі күнде 497 млрд теңгеге өсті, - деп атап өтті қала әкімі.
Өзгелердің жаңалығы