Нұр-Сұлтандық 30 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ

10 Қыркүйек 2019, 21:16
1596
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандық 30 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 11 қыркүйек күні «Ел тірегі – 2019» науқанының аясында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына 2019 жылғы күзгі шақырылымның ҚР бойынша алғашқы легі болып аттанбақ.

Ертең сағат 16:30-да қалалық жиын пунктінде (Затаевич,13) жас сарбаздарҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына 2019 жылғы күзгі шақырылымның Қазақстан Республикасы бойынша алғашқы легі болып аттанбақ

ҚР ҰҚК Шекара қызметіне аттанатын жас сарбаздар, әскери ант қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы шығысындағы шекара бекеттеріне барып, ел тыныштығын қорғамайды.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің өкілдері, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, сондай-ақ ҚР ҚК ардагерлері мен сарбаздардың туған-туыстары қатысады.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың қыркүйек айында мерзімді әскери қызметке азаматтарды іріктеу жұмыстары бастау алған болатын. Нұр-Сұлтан қаласының 800-ден астам шақыру жасындағы азаматтары осы күзде Қарулы Күштер қатарына Отан алдындағы борышын атқару үшін аттанатын болады.

Өзгелердің жаңалығы