30 қазанға арналған ауа райы болжамы

30 Қазан 2022, 05:30
1197
Бөлісу:
30 қазанға арналған ауа райы болжамы

30 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен күн райының құбылмалы сипаты күтіледі – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.Тек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. BAQ.KZ бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды. 

Астана қаласында: көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: 4-6 градус аяз, күндіз: 2-4 градус жылы.

Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. 3-8 м/с екпінмен жел соғады. Ауа температурасы түнде: 4-6, күндіз: 13-15 градус жылы.

Шымкент қаласында: көшпелі бұлтты, жаңбыр, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Батыстан 8-13 м/с күшпен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +6+8, күндіз: +10+12 градус жылы.

Өзгелердің жаңалығы