Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҰБТ-ның бірінші күні 9 мың бала тест тапсырып жатыр. Қаңтардағы ҰБТ үш күнге жалғасады. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді.
"Бүгін ҰБТ-ға 9 мың бала қатысып жатыр. Жалпы қаңтардағы тестілеуге 36 мыңнан астам адам қатысады. Олардың ішінде негізгі масса - 11-12 сынып оқушылары. 29926 оқушы тапсырып жатыр. 3 мыңы - басқа мамандыққа ауысқысы келетіндер, 3 мың адам - оқуға шартты түрде қабылданғандар. Олар екі профильді пәннен тапсырады", - деді Әлімқұлов.Ол әр тестілеуде тек қана жаңа тест сұрақтары қолданылатынын айтты.
"Жыл сайын 30-50 пайыз көлемінде тест сұрақтарын жаңартып тұрамыз. Жаңа тест сұрақтарын пайдаланамыз. Ешқандай қайталанбайды", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.
Бүгін елімізде ақылы түрде ҰБТ басталды. Оған қатысуға 35838 адам өтініш білдірген. Тестілеу құны - 2242теңге.