30 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

27 Маусым 2023, 15:21
991
Бөлісу:
30 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Фото: ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі/Ж.Жұмабеков

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 30 маусымда сағат 09.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.

Өзгелердің жаңалығы