Параға 30 қой алған шенеунік сотталды - Антикор

26 Наурыз 2021, 12:14
1243
Бөлісу:
Параға 30 қой алған шенеунік сотталды - Антикор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы AntikorNews алаңында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлімдеді.

Тергеушінің сөзінше, 2021 жылы 25 наурызда Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Сәулет және жобалар мен объектілердің сметалық есебін дайындау бөлімінің басшысы Ш.Қожамсүгіров алаяқтық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ оған 15 620 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Ол алаяқтық жолмен Шымкент қаласының Ташкент тас жолының бойында орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік акт алуға жәрдем көрсеткені үшін жалпы сомасы 1 200 000 теңге болатын отыз қойды және 11 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алды деп күдіктеледі, - деді Данияр Бекайдаров.

Сонымен қатар 2021 жылы 17 наурызда Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен әскери бөлімнің байланыс-байлау батальонының командирі М.С. Мергенбаев жалпы сомасы 10 млн теңгеге ұрланған мүліктің 20 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.

Ол қарамағындағылардан жоғары лауазымға тағайындау үшін шенеуніктерге пара беруге итермелеу арқылы жалпы сомасы 500 мың теңге ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді, - деді тергеуші.

Өзгелердің жаңалығы