30-ға жуық әлем чемпионын дайындадым – жаттықтырушы

14 Желтоқсан 2021, 20:49
2340
Бөлісу:
30-ға жуық әлем чемпионын дайындадым – жаттықтырушы
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ауылдық жердегі үздік жаттықтырушылар, нұсқаушы-әдіскерлер, дене шынықтыру пәндерінің ұстаздары марапатталды. Салтанатты шара Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.

Марапаттау рәсіміне ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы және өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Ералы Лұқпанұлының айтуынша, тәуелсіздік жылдары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен он мыңдай нысан салынды. Оның ішінде 77 стадион, 38 спорт сарайы салынды. Он мыңнан аса спорт алаңдары салынды. Премьер-министрдің орынбасары өз сөзінде бұқаралық спортты дамыту керек екенін атап өтті.

Бұқаралық спортты ұмытпауымыз керек. Ол - елдің рухы, намысы. Болашаққа ұмтылған ел - ол дені сау ел. Дені сау елден мықты мемлекет шығады. Сондықтан оны естен шығармауымыз керек. Оның бәрі сіздер сияқты азаматтардың арқасы. Балаларды тәрбиелейтін, рух беретін, намыстарын оятатын, болашаққа жетелейін де – сіздер сияқты азаматтар. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 3 мың нұсқаушы бар, оларға арнайы қаражат бөлдік. Нұсқаушылар жай ғана белгіленбеуі керек. Өмірге ұмтылатын, өзіне сенімі мол, еліне сенетін, халқы оған сенетін ұрпақ тәрбиелейтін де – сіздер. Бұқаралық спортты көтеретінімізге еш күмәнім жоқ. Сіздерге алдын ала рақметімді айтамын, - деді ол.

«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» атанған Ілияс Жансақалов осы уақытқа дейін талай чемпион дайындаған.

Мен Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай ауылынан келдім.  270 оқушысы бар ауылдан шығып, 30-ға тарта әлем чемпионы, 100-ге жуық Азия чемпионын дайындадым. Сіздерді еліміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Ералы Лұқпанұлы, ауылдардан келген мен сияқты жаттықтырушылар сіздің қолыңыздан осындай марапат алғанына қуаныштымын. Бұл мен сияқты ауылдық жаттықтырушыларға мотивация береді. Әрқашан да ауылдың спорты алда, - деді жаттықтырушы.

30-ға жуық әлем чемпионын дайындадым – жаттықтырушы

Ел спортының үздіктері атанғандар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналды.

30-ға жуық әлем чемпионын дайындадым – жаттықтырушы
30-ға жуық әлем чемпионын дайындадым – жаттықтырушы
30-ға жуық әлем чемпионын дайындадым – жаттықтырушы

«Үздік меценат» номинациясы бойынша марапат алғандар: Дәрібаев Нәлібай Үсенұлы, Ақдрашев Ибрагим Шияпұлы, Артемук Максим Федорович, Утемуратов Алидар Булатович, Оспанов Бауыржан Кеңесбекұлы.

«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» атанғандар: Жансақалов Ілияс Жеңісбайұлы, Қаженов Қасым Маратұлы, Мәулен Нұрлан, Ауғалиев Марғұлан Ерғалиұлы.

«Жылдың үздік спорт ұйымы»  номинациясы бойынша «Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ – Жабаев Нұрлан Жанпейсұлы (директор), «Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Оралбеков Бұрхан (директор), Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі – Оберемко Денис Степанович (директор), «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» КММ – Бақтыбаев Ерлан Шәкіртұлы (директор) марапатталды.

30-ға жуық әлем чемпионын дайындадым – жаттықтырушы
30-ға жуық әлем чемпионын дайындадым – жаттықтырушы

«Жалпы білім беру ұйымының директоры» номинациясын алғандар: Ермекова Гүлбахрам Серікқызы, Тойлыбаев Бауыржан Кыстаубайұлы, Заруцкий  Анатолий  Карлович, Сембаев Бекет Слямгазинұлы.

Каленов Бағдат, Ернар Рахметқалиұлы, Шалхымбаева  Гүлмира, Сарықтов Саят «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» номинациясын жеңіп алды.

«Ауылдық жердегі үздік нұсқаушы-әдіскер» номинациясы бойынша Кошиков Жанат, Есенгельдин Арман, Тлеубердинов Жанболат марапатталды.

«Ауылдағы үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» Мамедов Анатолий Геннадевич, Джамбиров Адылмагамбет,  Купарев Александр, Дәулетов Тлеуберген  атанды.

«Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясы бойынша Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі – Шабеев Ерлік Тоғанбайұлы, Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі – Есболов Нұрлан, Солтүстік Қазақстан облысы  Ғабит Мүсірепов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі – Минин Сергей Владимирович, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме – Аубакиров Ерлан Жумажанович марапатталды.

Мемлекет Басшысының Грамотасымен Рахат Жақсыбай, Нұрсұлтан Ибрагимов, Мұрат Есжан, Асхат Сейсембек, Аманжол Хасенов, Нұркен Байбөриев, Қарлығаш Рамазанова, Серік Ерғалиев, Жансерік Бейсеев марапатталды.

Арыстанбаев Мадияр, Құмар Нұрлан, Ахметов Альберт Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.

Өзгелердің жаңалығы