"3 қойма, 6 көлік жанып кетті". "Кристалл" тұрғын үйінен шыққан өрт ауыздықталды

6 Маусым 2023, 15:19
743
Бөлісу:
"3 қойма, 6 көлік жанып кетті". "Кристалл" тұрғын үйінен шыққан өрт ауыздықталды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ мәліметінше, "Кристалл" тұрғын үй кешенінің паркингінен шыққан өрт сағат 15:02-де сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада 6 маусымда сағат 11:56-да Мұхамедханов көшесі бойындағы паркингте 3 қойма үй-жайы мен 6 жеңіл автокөлік жанды, жылу әсерінен тағы 4 автомобиль зақымдалды. Құтқарушылардың күшімен, оның ішінде жоғарғы қабаттардан автосатының көмегімен 17 адам эвакуацияланды, оның 6-ы бала. Алдын ала болжам бойынша "улы газдан улану" диагнозымен ауруханаға 3 адам жеткізілді. 14:33-те өртті оқшауланып, 15:02-де толығымен жойылды, - делінген хабарламада.

Тілсіз жаумен күреске 70 өрт сөндіруші мен 18 техника жұмылдырылған.

Бұған дейін Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде паркинг өртенгені хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы