3 облыста 3 маңызды жол жабық

11 Наурыз 2024, 08:38
3262
Бөлісу:
3 облыста 3 маңызды жол жабық
Фото: baq.kz

11 наурыз, сағат 07:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 189 км құрайтын 1 автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ)
1. «Самара-Шымкент» «ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті-Қарабұтақ елді мекені (жүк және қоғамдық көлік үшін)

Қызылорда облысында - жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол.(Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты)
1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қ.-Ұлытау обл.шекарасы
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол.
(жаңбыр, көктайғақ)
1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда обл.шекарасы-Талап а.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы