3 мамырға арналған ауа райы болжамы

3 Мамыр 2023, 08:05
636
Бөлісу:
3 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: sputnik.kz

Синоптиктер Қазақстан бойынша 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райына әкеледі.

Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, – дейді синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, солтүстік-шығыста тұман болжанды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз +12+14°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +12+14°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.

Түнде Алматы облысының таулы аймақтарында, солтүстікте, орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында, солтүстікте, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында Жамбыл облысының таулы аймақтарында 1-7 градус үсік жүреді.

Өзгелердің жаңалығы