Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

5 Қазан 2020, 11:36
1128
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның көптеген өңріндегі синоптикалық жағдай солтүстік-батыстан жақындап келетін суық антициклонмен анықталатын болады. Ол бұлтты өрістерді біртіндеп таратады, осыған байланысты түнде ауа температурасы төмендейді.

Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, екпінді жел, көктайғақ, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы