Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

10 Маусым 2020, 14:56
1566
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

11 маусымда солтүстік және орталық өңірлерде синоптикалық жағдайды жоғары атмосфералық қысым ошағы, оған тән ашық, құрғақ және
ыстық ауа райын қалыптастыруды жалғастырады, күндізгі температура 26...34 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. 

Бірақ 12-13 маусым аралығында ауа райының өзгеруі күтілуде, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер өзімен бірге найзағаймен және екпінді желмен жаңбыр әкеледі, бұл ретте температура 20...29 дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы