29 сәуірде бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" ел аумағында бірнеше дауылды ескерту жариялады.

 unsplash.com Бүгiн 2026, 21:15
Бүгiн 2026, 21:15
184
Фото: unsplash.com

Еліміздің бірқатар өңірлерінде 2026 жылғы 29 сәуірге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысының орталығында түнде және таңертең тұман. Солтүстігінде -2 градус аяз. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында күндіз жаңбыр, найзағай. Шығысында түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыс бағытта, екпіні 15-20 м/с. Солтүстігінде -3 градус аяз. Орал қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, түнде тұман, жел екпіні 20 м/с-қа дейін.

Абай облысында жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-20 м/с. Батысында түнде -2 градус аяз. Орталығында өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел солтүстік бағытта, екпіні 15-20 м/с. Шығысында түнде -3 градус үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстігінде түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыс бағытта, екпіні 15-20 м/с. Батысында өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының шығысында жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-25 м/с. Оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.

Павлодар облысының шығысында түнде -1 градус аяз. Солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысының солтүстігінде түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Қостанай қаласында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.

Қарағанды облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15 м/с. Шығысында түнде -1 градус аяз.

Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр, найзағай, шығысында бұршақ. Солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-18 м/с. Ақтау қаласында күндіз жаңбыр, найзағай.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының шығысында өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысының солтүстігінде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Шығысында түнде -1 градус аяз.

Астанада түнде жер бетінде -1 градус үсік.

 

Наверх