28 наурызға арналған ауа райы болжамы

28 Наурыз 2024, 07:45
401
Бөлісу:
28 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» еліміздің басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына және су тасқыны қаупіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы

28 наурызда Түркістан облысында жаңбыр, таңертең және күндіз солтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, таулы аудандарында өте қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, облыстың тау асуларында 30 м/с және аса күтіледі.

Шымкент, Түркістан қалалары: 28 наурызда жаңбыр, таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.

Жамбыл облысы

28 наурызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 28 наурызда облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 29 наурызда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 28-30 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 28-30 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 28-29 наурызда күндіз, 30 наурызда түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 28-29 наурызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. 28-30 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 28-29 наурызда күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с, 30 наурызда түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

28 наурызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: 28 наурызда түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.

Жетісу облысы

28 наурызда күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, орталығында батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Талдықорған қ.: 28 наурызда батыстан жел соғады, күннің соңында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

28 наурызда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Жезқазған қ.: 28 наурызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

28 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе қ.: 28 наурызда көктайғақ күтіледі

Ақмола облысы

28 наурызда түнде Ақмола облысының батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

Астана қ.: 28 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысы

28 наурыз Атырау облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ.: 28 наурызда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

2024 жылдың 28 мен 31 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой аудандарындағы Ойыл, Жем өзен алаптарында су деңгейінің көтерілуі күтіледі және өзенннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендері, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.

Қарағанды облысы, Ұлытау облысы

Сарысу өзенінде су деңгейі қауіпті белгілерге жақындаған. Аталған аумақтар мен жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысы

28 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысының көп бөлігінде, күндіз облыстың шығыс жартысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 28 наурызда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с.

Қостанай облысы

28 наурызда күндіз Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 28 наурызда тұман күтіледі.

Алматы облысы

28 наурызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 17-22 м/с.

Қонаев қ.: 28 наурызда күндіз батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Қызылорда облысы

28 наурызда түнде Қызылорда облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында найзағай, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, шығысында 23-28 м/с.

Қызылорда қ.: 28 наурызда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Маңғыстау облысы

28 наурызда Маңғыстау облысында батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы