Түркияда 270 миллионнан астам жалған доллар тәркіленді

24 Шілде 2019, 13:33
1683
Бөлісу:
Түркияда 270 миллионнан астам жалған доллар тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үлкен сомадағы жалған ақша жергілікті баспаханадан басып шығарылған. Бұл туралы DHA агенттігі мәлімдеді. 

Түрік құқыққорғау органдары Ыстамбұлдың еуропалық бөлігіндегі аудандардың бірінде арнайы операцияны жүзеге асырды. Нәтижесінде, жалпы сомасы 271 млн 150 мың жалған АҚШ долларының ірі партиясы тәркіленді.   

"Арнайы операция кезінде баспахана ғимаратын тінту барысында электрондық панельдің арғы жағында жасырын есіктің бар екені анықталды. Құқыққорғау органдары сол жерден 271 млн 150 мың жалған АҚШ долларын тауып алды", – деп атап өтті Эсеньюрт ауданының контрабандамен күрес және қаржылық қылмыс бөлімінің басқармасының өкілі.

Арнайы операция нәтижесінде жалған ақша жасады деген күдікпен 5 адам қамауға алынды. 

Құқыққорғау органдарының айтуынша, тәркіленген ақша жалған ақша жасайтындар шығарған ең рекордты сома.
 

Өзгелердің жаңалығы