27 күнде қанша тонна көмір тасымалданғаны белгілі болды

28 Қыркүйек 2021, 16:55
1457
Бөлісу:
27 күнде қанша тонна көмір тасымалданғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Жылыту маусымына дайындық ретінде 1 мамырдан бастап осы күнге дейін темір жолдармен 40 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 24 пайызға жоғары. Қыркүйектің 27 күнінде жоспар 98 тоннаға ұлғайту арқылы жүзеге асырылды. Осы уақытта көмір тасымалдау 9,9 млн тоннаны құрады, - деді Тайжанов.
Ол атап өткендей, ел тұтынушыларына арналған жоспар 384 мың тоннаға артығымен орындалды.
Бүгінгі таңда 664 мың вагон бар. Оның 35 мыңы көмір тасымалдаумен айналысады. Көмір тасымалдаудың маусымдық кезеңінде көмір тасымалдаудың орташа көлемі 4 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Ол 17 мың вагонды қажет етеді, - деді Жәнібек Тайжанов.

Өзгелердің жаңалығы