25 мамырды қайтарсақ, мұғалімдердің сағаты қысқаруы мүмкін - министр

25 Мамыр 2023, 10:49
3763
Бөлісу:
25 мамырды қайтарсақ, мұғалімдердің сағаты қысқаруы мүмкін - министр
VIDEO
Фото: автордан

Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 25 мамыр соңғы қоңырау күнін қайтару тиімсіз екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Ғани Бейсембаев оқу жылы неге 36 аптаға созылғанын түсіндірген еді.

Бұл мәселеде, бірінші кезекте мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені біз бірден 25 мамырды қайтара алмаймыз. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың бағдарламасы. Оны бірден қалпына келтірсек, ол басқа да өзгерістерге әкеледі. Мәселен, 6 күндік оқу жоспарына және оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе жай ғана қайтара салатын дүние емес. Бастысы, дұрыс сараптамадан өтуі керек, – деді Ғани Бейсембаев. 

Өзгелердің жаңалығы