25 қазанға арналған ауа райы болжамы

25 Қазан 2019, 08:13
1737
Бөлісу:
25 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстік бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде жел күшейеді, тұман күтіледі, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанда, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде көктайғақ күтіледі. Алматы облысында түнде Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы