24 мыңнан астам қазақстандыққа спорт қызметін тегін алуға мүмкіндік берілді

Прокуратура араласқаннан кейін мыңдаған тұрғынның құқығы қалпына келтірілді. Енді кімдер тегін, ал кімдер 50% жеңілдікпен пайдалана алады?

Бүгiн 2026, 16:30
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 16:30
Бүгiн 2026, 16:30
147
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Степногорск қаласында прокуратураның қадағалау шараларымен тұрғындардың дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін алу құқықтары қорғалды.
 
Қала прокуратурасы қадағалау қызметі аясында халыққа дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің қолжетімділігі мәселесі бойынша талдау жүргізді.

Талдау барысында жергілікті атқарушы орган тарапынан спорт объектілеріне тегін және жеңілдетілген негізде баруға құқығы бар азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ берілетін жеңілдіктердің мөлшері бекітілмегені анықталды. Бұл азаматтардың заңда көзделген әлеуметтік кепілдіктерді алу құқықтарын шектеген, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасы.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылып, тиісті шешім мәслихат сессиясында бекітілді.

Нәтижесінде 24 мыңнан астам азаматтың дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін және жеңілдетілген негізде алу құқықтары қалпына келтірілді.

Қабылданған шаралардың арқасында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері 7 жасқа дейінгі балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне және спорт ардагерлеріне тегін көрсетілетін болды, - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларына, студенттерге және зейнеткерлерге қызмет құнының 50% мөлшерінде жеңілдік қарастырылған.

Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Тағы оқи отырыңыз: Баспаналы болуға ниетті үлескерлерге ескерту: Шымкентте 48 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды.

Наверх