Қостанай облысының медициналық мекемелері 239 дәрігермен толықты

7 Қазан 2019, 12:20
2143
Бөлісу:
Қостанай облысының медициналық мекемелері 239 дәрігермен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook-тегі парақшасында Қостанай облысына жұмыс істеуге келген дәрігерлерге алғыс айтты.

«Қазақстанның әр түкпірінен Қостанай облысына келген әрбір дәрігерге алғысымды білдіремін! Жарайсыңдар!», - деп жазды денсаулық сақтау министрі Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, былтырғымен салыстырғанда биыл Қостанай облысына жұмыс істеу үшін келген дәрігерлердің саны 2,5 есе көп. Қыркүйек айының соңында қала және аудандағы медициналық мекемелерге 2019 жылғы «дәрігер қатарына шақырту» алған 239 медицина қызметкері жұмысқа кірісті. Қызметкерлер қатарында қалалық клиникаларда жұмыс істеп тәжірибе жинақтаған дәрігерлермен қоса, ғылым кандидаттары мен докторлары, университетті жаңа бітірген мамандар да бар.

Өзгелердің жаңалығы