23 тамызда елордада автобустар неліктен жүрмейді?

21 Тамыз 2020, 20:05
1036
Бөлісу:
23 тамызда елордада автобустар неліктен жүрмейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Жексенбі күні, 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Сенбі күні (22 тамызда) және 24 тамыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Айта кетейік, жүргізушілер де соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жасайды.

Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Қоғамдық көлікке алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді - карта, SMS, QR-код.


Өзгелердің жаңалығы