23 қаңтарда Астана қаласында жеңіл атлетикадан Astana Meeting World indoor tour өтеді

9 Қаңтар 2023, 20:10
736
Бөлісу:
23 қаңтарда Астана қаласында жеңіл атлетикадан Astana Meeting World indoor tour өтеді
PHOTO

World ATHLETICS INDOOR TOUR – бұл 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық жайдағы жеңіл атлетика жарыстарының жыл сайынғы сериясы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Серия жабық манеждегі жеңіл атлетика жарыстарының беделін арттыру мақсатында Гауһар лигасының үлгісінде жасалған.

23 қаңтарда Астана қаласында жеңіл атлетикадан Astana Meeting World indoor tour өтеді

Astana Meeting жарыстың күміс мәртебесіне ие. Бағдарламаға жеңіл атлетиканың 9 түрі енгізілген. Жарыстың әр түріне отандық спортшылармен қатар шетелдік спортшылар бақ сынасады. Жарысқа АҚШ, Португалия, Бразилия, Эфиопия, Марокко, Куба, Барбадос және т.б. елдерінен 30-ға жуық спортшы қатысады.

23 қаңтарда Астана қаласында жеңіл атлетикадан Astana Meeting World indoor tour өтеді

Бағдарламаның әр түрінің жүлде қоры 4000 АҚШ долларын құрайды.

Бұл жарыс отандық жеңіл атлетиканың халықаралық деңгейдегі беделін және спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Astana meeting еліміздің және Азия өңірінің жеңіл атлетикасындағы ең беделді жарыстардың біріне айналады.

Өзгелердің жаңалығы