«Қазгидромет» РМК 23 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазақстан аумақында күн райын ауқымды солтүстік-батыс антициклоны анықтайды. Онымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың тек солтүстігі мен шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Елдің оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде сондай-ақ тұман болжанады», - делінген синоптиктер мәліметінде.