23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

23 Ақпан 2019, 09:40
1751
Бөлісу:
23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы тұрақсыз, кей жерінде жауын-шашын болады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін, жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде жаяу бұрқасын болады. 

Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерінде тұман түседі, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі. 

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Өзгелердің жаңалығы