22 қарашаға арналған ауа райы

22 Қараша 2020, 06:31
2077
Бөлісу:
22 қарашаға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК қарашаның 22-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, ҚР басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті солтүстікте және батыста күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстікте және шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен кей жерлерде қар оңтүстік-батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстігінде – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. 

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан облысында – көктайғақ болады. 

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Маңғыстау облысында түнде – көктайғақ, Атырау облысында – тұман түседі. 

Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, күндіз екпіні 25 м/с болады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. 

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы