22 661 колледж студенті қашықтан білім алуда

4 Мамыр 2020, 18:38
1572
Бөлісу:
22 661 колледж студенті қашықтан білім алуда
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта колледждер ААЖ "Platonus", Google Classroom, Edupage платформаларында жұмыс істейді. Оқу процесі белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына, сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысы Шолпан Қадырова онлайн брифинг барысында атап өтті.

16 наурыздан бастап қаланың барлық колледждері қашықтықтан оқытуға көшті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша техникалық және кәсіптің білім беру ұйымдары-35, оның ішінде 12 мемлекеттік және 23 жеке меншік колледжде барлығы  22 661 студент білім алуда. 1535 оқытушы бар, - деді спикер.

Білім алушыларға мемлекеттік стипендия ай сайын төленуде және төлем карточкаларына тамақтану үшін ақша аударылып отырғандығын айта кетті.
22661 студенттің басқа қалада тұратын 9172 (40,5%) студенттер тұрғылықты жеріне жіберілді. Бүгінгі таңда колледждердің жатақханасында  жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған 50 студент қалып, оқуларын жалғастыруда. Басқарма тарапынан ол балаларға әлеуметтік көмек көрсетілуде, - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, оқу құны мамандық түріне байланысты жылына 80-нан 320 мың теңгені құрайтындығын айта кетті. Оқу ақысын төлей алмайтын студенттердің жалпы саны 1015 адамды құрады. Бүгінгі таңда колледж әкімшілігіне өтініш білдірген барлық студенттерге оқу ақысын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айына дейін ұзартылғандығын айтты. 
ҚР БҒМ бекіткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына күндізгі оқу бөліміне қабылдау  ережесіне сәйкес, колледждерге құжаттарды қабылдау  20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Құжаттарды колледждің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде немесе электронды түрде e.astana.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Талапкерлерге оқуға түсу емтихандары таңдаған мамандығына байланысты колледж базасында өткізіледі. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық режим ұзартылған жағдайда талапкерлерге оқуға құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізу нысаны қосымша хабарланатын болады, - деді Шолпан Қадырова.
Аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленген білім беру ұйымының оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылатындығын айтты.
Емтихан сұрақтарын білім беру ұйымы алдын ала әзірлейді және жалпыға қол жетімді болу үшін қашықтықтан оқыту порталында орналастырылады. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау білім беру ұйымы әзірлеген кестеге сәйкес мерзімде өткізіледі. Мемлекеттік емтиханды қабылдау және білім алушылардың дипломдық жұмысын (жобасын) қорғау онлайн-прокторинг технологиясын қолдана отырып, онлайн режимінде қарастырылады, олар білім алушыны верификациялауға, экранды және ондағы білім алушынының іс-әрекетін қадағалауға, сондай-ақ барлық емтиханды бейне жазбаға жазуға мүмкіндік береді, - деді спикер.


Өзгелердің жаңалығы